Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы орнығып, тек батысында және шығысында жауын-шашын күтіледі, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік пен оңтүстік- батыста шаңды дауыл күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл күтіледі. Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оставить комментарий