Қазақстанда қай банк қанша пайызбен несие береді?

/uploads/thumbnail/20171009141309799_small.jpg

Жыл басында Қазақстанда ашылған «Нұрлы жер» бағдарламасы ипотекалық нарықтың қайта жандануына әсер еткен бірден-бір фактор. 

Оған қоса биыл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейіне дейін түсіріп, бұл өз кезегінде екінші деңгейлі банктердің несие мен депозит пайызының азаюына түрткі болды.

Нәтижесінде, биыл жыл басынан бергі жеті айда елдегі ипотекалық нарық 201 млрд. теңгеге жетіп, былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 62%-ға өсті.

Бұл өсімге сонымен қатар құрылыс компаниясынан мемлекеттік бағдарлама бойынша субсидиямен 10%-дық ипотека рәсімдеу мүмкіндігі де әсер етіп отыр.

Мамыр айының басынан бері Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы жалпы құны 5,3 млрд. теңге болатын субсидияланған 525 ипотекалық қарызды мақұлдады.

Қазіргі таңда аталған бағдарламаға «ЦентрКредит Банкі» АҚ, «АТФБанкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ ҮБ және «ВТБ Баанкі» қатысады. Ал алдағы уақытта бұл тізімге Bank RBK, Нұрбанк, Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі, «Цеснабанк» АҚ, KASSA NOVA BANK және Tengri Bank қосылады деп күтілуде. Бұл туралы Naryk.kz халықаралық экономика агенттігі хабарлайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетейік, қазіргі таңда берілген ипотеканың жалпы көлемінің 80%-ы ТҮҚЖ банкіне тиесілі.

Төменде қазіргі таңда қай банктің қанша пайызбен ипотека беретіні көрсетілген:

Алтын банкі — 16%, алғашқы төлем 40%;

Альфа банкі — 23%, алғашқы төлем 30%;

АТФ банкі — 14,7%, алғашқы төлем 20%;

Еуразиялық банк — 17%, алғашқы төлем 30%;

ЦентрКредит банкі — 17%, алғашқы төлем 30%;

ВТБ банкі — 23, алғашқы төлем 30%;

ТҮҚЖ банкі- 8,8%, алғашқы төлем 40%;

Қазком — тоқтатылған;

Халық банкі -17, алғашқы төлем 20%;

Нұрбанк- 21,7%, алғашқы төлем 35%;

Сбербанк — 17,3%, алғашқы төлем 30%;

Фортебанк — 20%, алғашқы төлем 15%;

Цесна банкі 24,4%, алғашқы төлем 40%;

РБК банкі — 19%, алғашқы төлем 30%;

Қазақ банкі — 21,3%, алғашқы төлем 30%.

Связанные Статьи