10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Қазақстан территориясы алдағы үш тәулікте оңтүстік-батыстың шеткі антициклонының әсерінде болады. Сондықтан республикада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Антициклонның артынан Алдыңғы Азиядан жылы ауа тарайды. Соның себебінен Қазақстанның батыс облыстарында жексенбіде ауа температурасы 3…6ºС нормадан жоғары болды, ал 11 қазанда жылу республиканың шеткі шығыс аймақтарына да жетеді.