Алматы қаласы жер сілкінісі ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 9 қазан күні Алматы уақытымен 22 сағат 16 минут 09 секундта жер сілкінісін тіркеген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жер дүмпуі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 604 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында болған. Энергетикалық қуаты – 96. Магнитудасы – 3,8. Тереңдігі 5 км.