Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған украиндық әріптесі президент Петр Порошенкомен бірге өткен баспасөз мәслихатында ұйықтап кете жаздаған. Түркия лидерінің қалғып отырғаны бейнеленген видео Твиттер желісі арқылы таралып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Түркия-ға сілтеме беріп.
Ердоған есінеп, көзін жұмып, басын қолына қойып қалғып отырғанда Порошенко әріптесінің көңілін өзіне аударуға мәжбүр болған.
Айта кетейік, 9 қазанда Эрдоған Киевке ресми кездесуге келген болатын. Поршенконың баспасөз хатшысы Украин мен Түркия президенттері арасындағы келіссөздер жоспарланған 45 минуттың орнына 3 сағатқа созылғанын айтты.