Перуда контейнерге жасырылған ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

/uploads/thumbnail/20170822170122226_small.jpg

Перуда полиция 1,3 тонна көлемінде кокаин тапты.  Аталған іс бойынша 17 адам тұтқындалды. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Euronews мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Биліктегілердің мәлімдеуінше, ұсталғандар аталған топтың басында Мексика тұрғынын айтқан. Ал жеткізілу жұмыстары бразилиялық азаматтың қаржысымен жүргізілген.

Есірткі артқан жүк Лима астанасының маңында Калбяо портында қолға түскен. Есірткі бірнеше контейнерге қапталған.

Біршама жақсы түйілген есірткі арнайы иттердің көмегімен қолға түскен.

Полиция қызметкерлерініңң мәлімдеуінше, кокаин Апуримак жазығында өндірілген.

Связанные Статьи