Бейжіңдегі тұман салдарынан 19 –шы қазанда қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қытай астанасының метеорологиялық орталығының мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Билік басындағылар тұрғындарды жолда абай болуға шақыруда. Аэропорт, темір жол вокзалы қызметкерлері және автокөлік пен қоғамдық көлік жүргізушілеріне қауіпсіздікті күшейту жайында тапсырма берілді.