Мұндай шешім қаржы жылының аяқталуына байланысты бюрократиялық процедураларды жеңілдету үшін қабылданды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жапонияда қаржы жылы 31 наурызда аяқталады, ал 1 сәуірден бастап таққа ханзада Нарухито отырады.
Императордың тақты босатуына мүмкіндік беретін заң өткен жазда күшіне енген. Аталмыш заң тек монархтың жағдайына байланысты әрі 3 жылға жарамды.
Акихитоның өзі 2016 жылдың тамызында жас шамасына және денсаулығының сыр беруіне байланысты халық алдында тақтан бас тарту туралы өтініш жасаған. Жапондықтар өз кезегінде императордың қалауын түгелдей қолдады.