Еркектер #MeToo хэштегі арқылы әйел зорлағанын мойындап жатыр

/uploads/thumbnail/20171020150655155_small.jpg

Әлеуметтік желіде жыныстық бопсалауды бастан өткерген әйелдер мен еркектер #MeToo (#Мен де) хэштегі арқылы бастан өткерген ауыр жағдайын баяндаған. Аталмыш хэштег арқылы әлем халықтары өз оқиғаларымен бөлісті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жақында үндістандық жазушы өзінің твиттер парақшасында әйелге жасаған зорлық әрекетін #IdidThat (#Мен соған бардым) хэштегі арқылы жазды.

«Кінәмді мойындау оңайға соқпады. Мен өкінемін және түзелемін деп уәде беремін...Мен оның қорғансыз екенін білдім де өзімді оның жанында күштірек екенімді сездім...Сені сүйсем бола ма деп сұрадым...» деп жазды Мумбай тұрғыны Деванг Патак.

Деванг мұндай қадамға Үндістандағы «BuzzFeed» порталының редакторы Реги Джа өзінің твиттер парақшасына, ерлердің «Мен өзгеремін. Кешірім сұраймын» деп жазуын сұрап жазба қалдырғаннан кейін барған.

Айта кетейік, #MeToo қозғалысы жексенбі күні актриса  Алиса Миланоның өз басынан өткерген жағдайды баяндап жазған жазбасынан кейін басталды. 1,3 миллион адам аталған хэштег арқылы Фейсбук, Инстаграм, Твиттер әлеуметтік желілерінде жазба қалдырған. Әйелдер мен еркектер зорлық-зомбылықты, жыныстық бопсалауды бастан өткергенін жазған.

Vox жаңалықтар сайтының журналисі Лиз Планк зорлық жасаған ер адамдарды да сөйлету керек екенін жазып, #HimThough (#Міне өзі де) деген хэштегпен жазба қалдырды.

Араб елдерінде #Мен де хэштегі пайда болды. Оны көбіне Фейсбукте қолданады.

Италия халқы #MeToo мен қоса #quellavoltache (#Солкезде) хэштегімен жазбалар қалдыруда.

Германиядағы #IchAuch (#Мен де) хэштегі жыныстық бопсалауды бастан өткерген адамдардың оқиғасын жинақтаған.

Францияда #Balancetonporc хэштегі (#ШошқаныЕлгеТаныт) арқылы қорлық көрсеткен адамдардың есімін атауға шақырады.

Связанные Статьи