Еврейлер жезөкше деп балағаттаған әйелден мұндай жауап күткен жоқ (видео)

/uploads/thumbnail/20171020163852072_small.jpg

Иерусалимде болған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, еврейлер 19 қазанның кешінде әскерге барудан бас тартқан 2 жас еврейді түрмеден босатуды талап етіп, қарсылық акциясын өткізген.

Видеодан ұлттық киім киген бірнеше еркекке әскери киімдегі қыз жалғыз қарсылық танытып жатқанын көруге болады.  Бір топ еркек көшедегі көлік қозғалысына кедергі жасап жатқандықтан әскери әйел жалғыз өзі топты таратуға тырысты.

Кейін еврейлер әлгі әйелді балағаттап, «жезөкше» деп атай бастады. Алайда әйел бұған еш қымсынбай, оларды теуіп, жауап қайтарды. Ал еврейлер әйелден бұндай батырлық күтпеген еді.

Связанные Статьи