Бұрынғы христиан: мұсылман болуыма қысқа белдемше кигендер әсер етті (фото)

/uploads/thumbnail/20171020175858460_small.jpg

Кенияда христиан сеніміндегі Чарльз Оквани мұсылман болды, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Бұл Кенияда үлкен резонанас тудырды.

Чарльз Оквани осыдан біраз уақыт бұрын шіркеуде қызмет еткен. Оның айтуы бойынша, шіркеуге құлшылық жасауға келген әйелдердің ашық-шашық, қысқа белдемше киіп келгені ұнамағандықтан, ол ислам дінін қабылдаған.

Чарльзге ислам дініндегі қатал тәртіп пен парыздар ұнаған. Оның исламды қабылдауына діндегі тәртіп пен қағидалар да әсер еткен. Ол алдағы уақытта да өз сенімін өзгертпеуге бел буып отыр. Сонымен бірге ол көптеген елдерге барып, жергілікті тұрғындармен көп араласқан, алайда үнемі өзіне бірдеңе жетпей тұрғандай болатын. Ислам дінін қабылдағаннан бері жүрегі тынышталып қалғанын айтады. Оған мұсылмандық орта қатты ұнаған. Сол себепті де діни сенімін өзгертпеуге нық бекінген.

Islam

65 жастағы кениялық өзінің есімін Исмаил  деп өзгертіп, өз шіркеуін мешітке айналдырған.

«Менің шіркеуім исламды қабылдамас бұрын Шығыс Африкадағы Ньюлгосиге храм ретінде танымал болса, қазіргі кезде Ньялгосидегі жамағатқа арналған мешіт ретінде танымал болды», — дейді Исмаил.

Связанные Статьи