2014 жылдан бастап террористердің бақылауында болған Ракка қаласы осыдан біраз күн бұрын содырлардан тазартылды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ru.euronews сайтына сілтеме жасай отырып.
Әскери операцияға 25 мыңға жуық күрдтер мен 5 мыңдай араб сарбаздары қатысты. Содырлардан қолынан аман қалған әйелдер орамалдарын өртесе, еркектер сақалдарын алып тастады. Олар өз қуаныштарын осылай жеткізіп жатыр. Енді қарапайым халық ДАИШ-тың ережелеріне бағынбай, еркін өмір сүретін болады.