Головкин-Альварес реваншына қатысты келіссөздер аяқталуға жақын

/uploads/thumbnail/20171024091230103_small.jpg

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес Boxingscene.com сайтына мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші айқасқа қатысты  келіссөздер жайлы айтып берді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.  

«Геннадийдің желтоқсанда немесе осы жылдың соңына дейін айқаспайтыны анық. Екі тарап та [Golden Boy Promotions және K2 Promotions] келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың осы аптада кездесетініне сенімдімін. Келіссөздер таяу арада аяқталады деп ойлаймын. Мен үшін қарымта жекпе-жек өткізуге нағыз қолайлы уақыт – 5 мамыр. «Синко де майо» – барлық мексикалықтарға ортақ мереке. Егер жекпе-жек мамыр айында болатын болса, осы уақытқа дейін ешкімнің айқаспағаны  дұрыс - бұл ешкімнің жарақат алып қалмауы үшін маңызды», - деді Санчес. 

Связанные Статьи