Сағынтаев Алматыдағы медициналық орталықтарды аралады

/uploads/thumbnail/20170929164034713_small.jpg

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Репродуктивті медицина институтының (РМИ) ЭКҰ орталығына барды, онда денсаулық сақтаудың халықаралық стандарттары деңгейінде бедеулікті емдеу мен жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бақытжан Сағынтаев ғимаратты аралау барысында тіркеу бөлімінің, колл-орталықтың, жұмыс кабинеттерінің және ЭКҰ-зертханаларының жұмысымен танысты. Өз кезегінде институт директоры Тамара Жүсібалиева Премьер-министрді орталықтың қызметі, әлеуметтік жауапкершілік аясында міндеттердің орындалуы, сондай-ақ, репродуктивті медицинадағы жетістіктер мен ғылыми қызмет туралы ақпараттандырды.

Айта кету керек, 2017 жылы ЭКҰ орталығында жергілікті әкімдік қаражаты есебінен 300 алматылық отбасы тиісті медициналық көмек алды және тағы шамамен 700 адам кезекте тұр.

Жаңа клиника халықаралық талаптарды есепке ала отырып тұрғызылған және заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Оның ерекшелігі толықтай оқшауландырылған операциялық блогы мен эмбриологиялық зертханасының болуында. Бұл микроклиматты сақтауға және тұрақты температура мен ылғалдылықтың зарарсыздандырылған ауамен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Осындай «таза ғимарат» жүйесі жоғарғы клиникалық нәтижелер беріп, емдеу тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Бұдан өзге, клиника Алматыда медициналық туризм дамуының жарқын мысалы болып табылады. РМИ директорының айтуынша, көрсетілетін медициналық қызметтер бағасының арзан болуына қарамастан, шетелдік аналогтарынан кем түспейді. Дәрігерлердің жоғары біліктілігі, заманауи жабдықтар мен Қазақстан заңдарының бейілділігі шетелдіктердің көптеп келуіне жол ашуда. Екі жылдың ішінде Алматыға Түркиядан, ҚХР-дан, Германия, Ресей және АҚШ-тан келген емделушілердің саны медициналық туризм желісі бойынша бірнеше есеге артты. Жыл сайын РМИ клиникасы 3 000-ға дейін отбасын қабылдай алады. 

Сонымен қатар, Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инновациялық технологиялар паркін аралап, қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерімен танысты.

«ИТП» АЭА аралау барысында Бақытжан Сағынтаев операторларды, мұнай инженерлерін, бұрғылау мердігерлерін және сервистік компаниялардың техникалық кадрларын кәсіптік даярлау бойынша заманауи оқу-жаттығу орталығын, сондай-ақ заманауи импортты алмастыратын телекоммуникациялық жабдықтар өндіретін компанияны аралады.     

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес құрылған және ақпараттық технологиялар, электроника және құрал жасау, жаңғыртпалы энергия көздері, ресурсты үнемдеу, тиімді табиғат пайдалану және т.б. салаларды дамытумен айналысады.

«ИТП» АЭА 2015 жылы Үкіметпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының құрамына кіреді. Ол Almaty Tech Garden қолшатыр брендінің астына Алматы қаласының жетекші ЖОО мен ҒЗИ-ның ғылыми-техникалық базасын, сонымен қатар «ИТП» АЭА-ға қатысушы компанияларды шоғырландырады. Қазіргі таңда инновациялық кластерге қатысушы 221 ұйым бар.

Оставить комментарий

Связанные Статьи