2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды

/uploads/thumbnail/20171024173031753_small.jpg

2018 жылғы Пхенчхан қысқы Олимпиада ойындарының алауы Грекияда жағылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Олимпиада ойындары алауын жағу шарасы жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де Грекия ежелгі Олимпиада стадионында өткізілді.

Салтанатты шараға Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Томас Бах, Грекия Олимпиада комитетінің төрағасы және Корея Республикасының премьер-министрі Ли Нагён қатысты. Герекияда өткен дәстүрлі шаралардан соң Олимпиадалық ойынның эстафетасы аталған аймақта 31 қазанға дейін жалғасады.

Алғашқы алаугер грекиялық шаңғымен сырғанаушы Апостолос Ангелис.

Олимпиада алауының Корея Республикасындағы алғашқы эстафетасы Инчхон қаласында 1 қараша күні басталатын болады. Алауды алғашқы болып даңқты футболшы Пак Чи Сон алып жүреді деп жоспарланған.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи