Қоқыстан өлі табылған нәрестенің анасына іздеу жарияланды

/uploads/thumbnail/20171024183547457_small.jpg

Шымкент полициялары қоқыс өңдеуші зауыттан өлі күйінде табылған жаңа туған нәрестенің анасына іздеу жариялады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасай отырып.

"Бұл дерек Шымкенттегі ішкі істер басқармасы Абай бөлімшесіне сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 100 бабы "Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі" бойынша тіркелді. Бірнеше сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді полиция. 

Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Күдікті әйелді іздестіру мақсатында Абай полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылуда.

Шымкент қаласының полицейлері азаматтардан жас нәрестенің анасын табуға көмектесіп, осы жөнінде қандай да бір ақпарат біліп жатса, «102» телефонына хабарласуды сұрайды

Естеріңізге салайық, 20 қазанда пакетке оралған жаңа туған нәрестенің денесін Шымкенттегі қоқыс өңдеуші зауыттың жұмысшылары тауып алған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи