Сауд Арабиясы шөл далада жаңа мегаполис салмақ

/uploads/thumbnail/20171025081918756_small.jpg

Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші және экспорттаушы Сауд Арабиясы шөл далада Неом мегаполисін салу жоспарын ұсынды. Мегаполис толығымен күн және жел қуатымен қамтамасыз етілетін болады және Азия мен Африка елдерінің технологиялық хабына айналады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ханзада Мұхаммед бен Сальман бен Абдель Азиз әл-Сауд «Болашақтың инвестициялық бастамасы» конференциясында аталмыш жоспарды ұсынды.

Жаңа мегаполис 2500 шаршы шақырым аумақта Қызыл теңіз бен Акаб шығанағында, мысырлық Шарм-эш-Шейх шипажайында орналасады.

«Сауд Арабиясында жаңа әрі ұлы дүние қалыптастыру ойымызда бар. Табысқа жету үшін бет алысымызда жаман емес», - деді 32 жастағы ханзада. Бағдарлама әр елден жиналған инвесторлар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи