«Депутатский корпус» атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі, бұрынғы кәсіпкер Мұратхан Тоқмади 2004 жылы желтоқсанда белгілі банкир Ержан Тәтішевті қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтың тапсырысы бойынша өлтіргенін ашық мәлімдеді. «КТК» телеарнасынан көрсетілген деректі фильмде Мұратхан Тоқмади М. Әблязовпен қалай сыбайлас болғаны туралы барлық шындықты айтты. Қашқын олигарх М. Тоқмадиды Ержан Тәтішевті өлтіріп, «ТұранӘлембанктің» акциялар пакетіне ие болу үшін пайдаланады. Ол уақытта банк ТМД көлемінде көшбасшылық деңгейге жетіп, оның басқарма төрағасы, білікті қаржыгер Ержан Тәтішевтің беделі өте жоғары болатын. Алайда қашқын олигархтың айналасындағы адамдардың айтуынша, мұндай жағдай Мұхтар Әблязовке ұнамаған көрінеді. Мұратхан Тоқмади «тапсырманы» тиянақты орындағаннан кейін, көп ұзамай Мұхтар Әблязов «ТұранӘлембанктің» басшылығына келеді. Бұлай болуы заңды да еді. М. Тоқмади сияқты «ақылды» сыбайласты қармағына түсірген Әблязов «сый» ретінде Тәтішевтің кезінде Тоқмадидың банктен алған қарызын «кешіреді». Онымен қоса, Мұратхан Тоқмадиды өзінің қылмыстық әлеміне қосып, оның атына оффшорлық аймақтардан жалған компания ашып береді.
Оставить комментарий