Қызы тұрмысқа шыққаннан кейін әкесі тікелей эфирде суицид жасады (видео)

/uploads/thumbnail/20171025101639219_small.png

Түркияда қызына ренжіген әкесі Facebook Live-те өзіне қол жұмсады. Әкесі қызының оған айтпай және рұқсатын алмай тұрмысқа шығатынын естігеннен кейін осындай қадамға барған деп хабарлайды түркиялық БАҚ.

54 жастағы Кайсери тұрғыны Айхан Узун желі қолданушыларға қызының тұрмысқа шығу үшін оның батасын алмағанын айтқан.

«Мені осындай жағдайға жеткізгендер менің жаназама келмей-ақ қойсын» деді Айхан Узун.

Оның айтуынша, қызының ең бақытты әрі маңызды күні туралы әйелінен естіген.

«Ешкім менен рұқсат сұраған жоқ. Маған ер адам секілді қарамайды. Қош болыңдар!» деді де тапаншаның шүріппесін басқан.

Желі қолданушылары Айхан Узунды райынан қайтармақшы болған.

Айта кетейік, Facebook-те тікелей эфирде өзіне қол жұмсаған немесе тікелей эфирде қылмыс жасау әрекеттері бұған дейін тіркелген. Осындай жағдайлардан кейін Facebook әкімшілігіне сын көп айтылды. Алайда желі әкімшілігі әзірше Facebook Live-ті өшірмеді.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи