Эйнштейннің бақыт формуласы 1,5 миллион долларға сатылды

/uploads/thumbnail/20171025105307882_small.jpg

Осыдан 95 жыл бұрын физик Альберт Эйнштейннің Токио қонақүйіндегі хабаршыға алғыс білдірген бақыт рецепті Иерусалимде өткен аукционда 1,5 миллион долларға сатылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, 1922 жылы қарашада Нобель сыйлығының иегері атанған физик Жапонияда дәрістер оқып, хабаршыға төлем жасай алмаған.

Ақша орнына Альберт Эйнштейн қағазға неміс тілінде бірнеше өмірлік кеңестер жазып, курьерге ұсынды. Әрі қағазды өмірінің соңына дейін сақтауын сұрап, оның ақшадан да құнды екенін ескертті.

Қағаздың бірінде былай жазылған: «Табысқа жету жолында алаңдап өмір сүргеннен гөрі, тыныш әрі қарапайым өмір бақыт әкеледі». Екінші хаты: «Жігер бар жерде, нәтиже бар».

2000 доллардан басталған аукционда белгісіз адам бірінші хат үшін 1,56 миллион доллар төледі. Кеңес жазылған екінші хат 240 мың долларға сатылды.

Сондай-ақ Эйнштейннің Иерусалимдегі Еуропа университетінің жетістіктерін мақтан тұтатын екі хат 33,6 мың және 9,6 мың долларға сатылды.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи