Қытай шекарасында заңсыз тасымалмен айналысқан қазақстандық әйел ұсталды

/uploads/thumbnail/20171025114039002_small.jpg

Қазақстан-Қытай шекарасында контрабандалық жүкті – қаракүзен терісінен тігілген 57 ішікті заңсыз тасымалдаған әйел ұсталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы 32 жастағы қазақстандық азаматшаны ұстады. Әйел Шекара ынтымақтастығы халықаралық орталығынан Қазақстанға жаяу бет алған. Қол жүгін тексеру барысында қаракүзен терісінен жасалған 57 ішік табылды», - делінген хабарламада.

Ұстау фактісі жөнінде байланыс органдарының өкілдері ақпараттандырылды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи