Алматыда еңбек дауларының алдын алу мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті

/uploads/thumbnail/20171025113817716_small.jpg

Ағымдағы жылы Халықаралық құқық қорғау орталығы Алматы қаласы Кәсіподақ орталығымен бірлесе отырып Алматы қалалық Ішкі саясат Басқармасының «Еңбек сақшысы» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон Басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы 4000-нан астам азаматтар мен компаниялары еңбек қатынастары бойынша аталған мекемеге арызданған. Жүргізілген тексерулер барысында инспекция бір мыңнан аса еңбек заңнамасын бұзу фактілері белгілі болып, Алматы қаласында орналасқан 123 кәсіпорында белгіленген жалақы бойынша 600 миллион теңге берешектігі анықталған.

Жүзеге асырылудағы «Еңбек сақшысы» жобасының басты мақсаты – еңбек дауларының алдын алу және азайту, әлеуметтік еңбек мәселелері бойынша қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын адан әрі өсірумен қатар еңбек дауларын реттеу ерекшелігін насихаттау, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Жоба шеңберінде әртүрлі меншік нысандары мен қызмет салалары бойынша Алматы қаласындағы 20 ұжымның  1000 қызметкеріне арасында сауалнама жүргізілді. Жобаға қатысушы психологтар, кәсіпорындардың басшылық және кадрлық қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері мен мәліметтеріне  сәйкес, еңбек ұжымының моральдық-психологиялық ахуалын көтеру, жеке тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту, еңбек өнімділігін арттыру, еңбек қақтығыстарын алдын-алу және дауларды бейбіт жолмен шешу үшін жеке ұсынымдар берілді.

Ұйым қызметкерлері, қаржылық, заң қызметтері, кәсіподақ өкілдері, келісу комиссияларының мүшелері үшін семинарлар ұйымдастырылды.

Жоба бойынша өткізілген семинарларда 350-ден аса, 180-дей банк секторының, медициналық, көлік ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, коммуналдық кәсіпорындардың, ұлттық компаниялардың, сақтандыру компанияларының, газ, сауда компанияларының, университеттердің, арнаулы қызметтер ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттарының, жеке кәсіпкерлердің, авиакомпаниялардың, ұйымдардың мәдениет және өнер саласы, шетелдік компаниялар және т.б. ұйым өкілдері қатысты. Осы жоба барысында қызметкерлердің негізгі құқықтары мен еңбек дауларын шешу тәртібі туралы  бойынша даярланған ақпараттық бейнеролик mpc-info.kz сайтында  және әлеуметтік желілерде көрсетілуде.

Қолданыстағы ҚР Еңбек кодексінің  нормалары қазіргі күні толықтырулар мен өзгертулерді талап етуде. Осы тұрғыда, «Еңбек сақшысы» жобасының жетекшісі Жанділдә Әжіғалиұлы көрсеткендей, еңбек дауларын реттеуге  бағытталған ұйымдардағы келісім комиссияларының жұмысы, яғни оларды құру және сол комииссияларда дауды реттеу тәртіптері, комиссияны құрмағанға байланысты жауапкершіліктердің жоқтығы- қызметкерлердің сотқа жүгіну мен әрі қарай өз құқығын жүзеге асыруға кедергілер туындатып отыр.

Алматы қаласында Кәсіподақ орталығында «Еңбек құқықтарын сақтау, еңбек дауларының алдын алу мен азайту, бітімгершілік рәсімдері»  тақырыбында еңбек дауларының алдын алу және барынша азайту мәселесіне қатысты  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР Еңбек кодексі бойынша қалыптасқан тәжірибе туралы, оның нормаларын қолдану барысы және тәжірибеде кездесіп келетін сұрақтар және оларды реттеуге қатысты ұсыныстар, заңнамаларға енгізілуге қажетті өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи