Қызылордада рекордтық көрсеткіштегі өнім жиналды

/uploads/thumbnail/20171026112553936_small.jpg

Қызылорда облысының ауыл шаруашылық қызметкерлері рекордтық көрсеткіштегі өнімді жинады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қызылордада осы жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті. 

Ауыл шаруашылығы саласында 2017 жылдың басынан бері жалпы түсім көлемі өсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артқан. 

"Алдын ала дерек бойынша, өңір кезекті рет күріштің рекордтық көрсеткіштегі өнімін жинады - ол жарты миллион тоннадан асады. Орташа өнім жинау - гектарынан 55,3 центнер", - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында

Связанные Статьи