Жезқазған қаласы Сарысу өзеніндегі балықтардың қырылып қалуына кім кінәлі?

/uploads/thumbnail/20171026154639283_small.jpg

Бүгін Facebook әлеуметтік желісінде Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Сарысу өзенінде балықтардың қырылып қалғандығы туралы ақпарат тарады. Бұған себеп Жезқазған қаласындағы «Жалтырбұлақ» кен орыны алтын шығарып, қалған қалдықтарын Жезқазған қаласының бойындағы Сарысу өзеніне ағызып жібереді екен. Осы жайлы нақты ақпарат алу үшін Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Қарағанды облысы әкімдігіне хабарласып білген еді.

Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің басшысының міндетін атқарушы Бекмұханбетов Әлібек Мұратұлы осы сұраққа жауап берді.

«Бүгін осы ақпарат бізге келген болатын. Бұған нақты Жалтырбұлақ кен орынын кінәлауға негіз жоқ. Қарағанды облысы әкімдігінің инспекторы мен Орман және жануарлар инспекторы осы мәселені шешіп жатыр. Қырылып қалған балықтар мен Сарысу өзенінің суынан талдама алынып, зерттеу жасалынады. Бұл ақпарат рас болса біз Бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлаймыз»,-деді Әлібек Мұратұлы.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Сарыкеңгір ауылдық округінде алтын өндіретін кәсіпорын ашылған болатын. 2010 жылы жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары нәтижелі болып, құрамында алтын бар кен табылған. Кәсіпорын сол бағалы металды ашық әдіспен өндіруді қолға алды. Қарағанды облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жобаның жалпы құны – 3,4 млрд теңгені құраған.

Связанные Статьи