Өзбекстан басшысының Түркияға сапары: 20 құжатқа қол қойылды

/uploads/thumbnail/20171027085700331_small.jpg

Өзбекстан президенті алғаш рет Түркияға мемлекеттік сапармен барды. Президент Анкара мен Ыстамбұлда болып, парламент басшыларымен және Түркия басшысы Режеп Ердоғанмен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың түрлі салалары аясында 20 құжатқа қол қойылды.  Сондай-ақ Ердоғанмен кездесуде сауда мәскелесі талқыланды.

2018 жылдың 16 наурызынан бастап Turkish Airlines әуекомпаниясы Ыстамбұл мен Самарқанд арасында тұрақты рейстерді бастайды. «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясы Ыстамбұлға бағыттайтын тұрақты рейсін 30 қазаннан бастамақ. Тасымалдаушылар арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды.

Ердоғанмен, министрлермен және кәсіпкерлермен кездесуден кейін Мирзиеев Түркия республикасының парламентіне барып, мемелкеттің заң шығарушы органының басшысы Исмаил Кахрамановпен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Кездесу аясында тараптар парламентаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сапар мәдени бағдарламамен аяқталды. Шавкат Мирзиеев XV ғасырда салынған осман сұлтандарының ежелгі резиденциясы – Топкапы сарайын аралады.  

Связанные Статьи