Жұма, 27 қазанға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171022103016187_small.jpg

  Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Сонымен бірге, кей жерлерінде желдің күшеюі мен тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Қостанай,  Солтүстік Қазақстан,  Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман күтіледі.

Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с, Қарағанды облысында көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Связанные Статьи