Никарагуада қатты нөсер салдарынан 5 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20171027083231343_small.jpg

Никарагуада қатты нөсердің салдарынан бес адам қаза тауып, екі адам із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы мемлекеттің вице-президенті Росарио Мурильо хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, шахтада жұмыс істейтін төрт шахтер апаттың құрбаны болған. Сондай-ақ 15 жастағы қыз бала да қатты жауыннан суға ағып кеткен.

Мурильо елде қауіптің қызыл деңгейі белгіленгенін мәлімдеді. EL порталының хабарлауынша, 2,7 мың үй мен 30 құрылыс орны қираған, 450 мектепте сабақ тоқтатылды.

Связанные Статьи