Финляндияда жолаушылар пойызы мен броньды әскери техника соқтығысып, 4 адам ажал құшты деп хабарлайды НТВ-ға сілтеме жасап Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Тағы 11 адам жарақаттанған.
Оқыс оқиға таңертең елдің оңтүстік-батысындағы Раасепори қаласынан 90 шақырым жерде болған. Әскери көліктің ішінде болған 8 сарбаздың үшеуі қаза тапты. Жолаушылар пойызынан бір адам апат орнында жан тапсырған.