Желіде Индияның оңтүстігіндегі Майсордағы дүкен иесінің досы жазып алған сұмдық бейне жазба пайда болды. Мелахалли Раманна атты үндіс дүкендегі астыққа шабуыл жасаған қаптесер тышқанды ұстап, оның сазайын берді.
Таспадан Мелахалли досының күлген дауысы мен «қылмыскерге» арналған сұрақтар естіледі. Бейне жазба 25-ші секундқа келгенде тоқтап қалады, өкінішке орай «бейшара» тышқанның одан әргі тағдыры белгісіз.