«Брак или брат» фильмі прокатқа шықты

/uploads/thumbnail/20171027174353996_small.jpg

«Брак или брат» киносының жабық көрсетілімі болды. Qamshy.kz ақпарат агенттігі журналисі де жабық көрсетілімге қатысып, отандық фильмді тамашалап қайтты.

Комедия 5 ағасының асыра қамқорлығының салдарынан тұрмыс құрмай жүрген қыз бен оның ғашығы турасында. Гаухарға құлай ғашық болған Айдар Гаухармен отбасын құру үшін оның 5 ағасының көңілінен шығу мақсатында түрлі қиындықты бастан өткереді.

Фильмнің режиссері Ернар Нұрғалиев. Режиссер көбіне комедия жанрында түсіреді. Ал фильмнің бас продюсері Құралай Ануарбекова. Басты рөлді де өзі сомдады. Актриса бұған дейін  бірнеше фильмдерде бой көрсеткен. Көрермен оны актриса ретінде жақсы біледі. Ал продюсер қызметі Құралай үшін жаңа тәжірибе. Оның айтуынша, ол аталмыш мамандықты меңгеру мақсатында ЖОО оқыды. Алған білімі кәдеге жарағанына Құралайдың өзі де дән риза.

Журналистердің «продюсерлік талантыңыз бар деп есептейсіз бе?» деген сауалына, продюсерлік білімі бар екенін ал талантын халық бағалайтынын айтады.

Құралайдан бөлек басты рөлде – Дәурен Серғазин, Нұрлан Сабуров, Тәуекел Мүслім, Әбунасыр Серіков, Бауыржан Қаптағай, Мұрат Бисенбин ойнады.

Аты аталған актерлердің барлығы дерлік отандық фильмдер мен теле хикаяларда түрлі рөлдерді сомдап жүрген актерлер. Ал Нұрлан Сабуров  StandUp шоуының резиденті.

Комедия жанрында түсірілген фильмдегі Гаухарға ғашық ұшқыш жігіттің рөлін Тәуекел Мүслім сомдады. Актер көп уақытқа дейін аталмыш рөлге келіспегенін айтады. Фильмдегі өзіне үнемі сүйсініп жүретін сымбатты жігіттің образы халық арасындағы Тәуекел туралы пікірімен ұқсас екенін және көрерменнің бұл пікірі фильмнен кейін беки түседі деп қорыққан актер аталмыш рөлді ойнаудан үзілді кесілді бас тартқан. Фильм режиссері Ернар Нұрғалиевтың өзі хабарласып, келісімін алған. Тәуекелдің айтуынша, Ернар оның ұнататын режиссерлерінің бірі. Өз кезегінде режиссер фильмдегі кербез жігіттің рөліне Тәуекелден өзге актер келмейтіндей көрінгенін айтады.

Брак или брат

Жабық көрсетілімнен кейін баспасөз мәслихаты өтті.

 

Связанные Статьи