«Қазақфильм» түсірген «13 километр» фильмі Бразилияда арнайы жүлде алды

/uploads/thumbnail/20171030170431121_small.jpg

«13 километр» деректі фильмі Бразилияда қазанның 23-і мен 29-ы аралығында өткен Халықаралық «Еңсеру» («Преодоление») кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Фильмнің режиссері – Владимир Тюлькин. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тюлькин   Владимир Викторович – кинорежиссер, ақын. Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, КСРО кинематографистер одағының мүшесі. 

qamshy.kz

Жақында ғана Ресейде өткен деректі фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге ие болған «13 километров» деректі фильмі Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Фильмнің кейіпкері өзінің шыдамдылығы мен табандылығының арқасында үлкен шаруа қожалығының иесі болып отыр. 

- Бұл фильмде басына түскен қиындықтарды еңсеріп, діттеген мақсатына жете білген ер азаматтың тағдыры суреттеледі. Бұл фильм түрлі фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп жатқанына өте қуаныштымын, - деді фильмнің режиссері.

Фестивальдің бас жүлдесі – «Шетелдің үздік фильмі» жүлдесін режиссер Роман Хрущтың «Печорин»  фильмі иемденді.  «Ең үздік актер» аталымы  «Мусс» (режиссері Джон Хеллберг) картинасында сомдаған Стефан Бертолаға берілді, ал «Үздік деректі фильм» жүлдесімен Клавдия Бершадская түсірген ресейлік «Ұшу» фильмі марапатталды. «Ең үздік қысқа метражды фильм» жүлдесі «Тыныш бала» фильміне бұйырды.

Связанные Статьи