1 қарашада Лондонның орталығында такси жүргізушісі жаяу жүргіншілерді басып кетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың мәліметіне сүйеніп.
Соның салдарынан бірнеше адам жарақат алған. Қаза тапқандардың бар-жоғы әзірге белгісіз. Оқиға орталық Ковент-Гардон ауданының Саутгемптон-стрит көшесінде болған.
Полиция мен дәрігерлер апат болған жерде жұмыс істеп жатыр.
Зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. Полиция оқиға себептерін анықтау үсітнде. Алайда аталмыш оқиғаны лаңкестік әрекетке жатпайтыны мәлімделді.