Әлемге әйгілі актер Чак Норрис денсаулығы мүшкіл әйелі үшін кино әлемінен бас тартты.
Express.co.uk басылымының мәліметінше, Чак Норрис өзінің 55 жастағы жары Дженна уланып қалған соң киноға түсуді қойған.
«Мен толығымен Дженнаға көңіл бөлу үшін карьерама нүкте қойдым. Енді менің өмірім әйеліме арналады, оның ұзақ жасағанын қалаймын. Және соған сенемін», - деп мәлімдеді 77 жастағы Чак Норрис.
Бірнеше жыл бұрын Норристің әйелі үш мәрте магнитті резонансты томографиядан өтті, сол уақытта дәрігерлер құрамында ауыр металлды гадолийнді зат бар дәрі-дәрмек беріп жүрген. Салдарынан Дженнаның қабырғалары мен буындары ауырсынып, бұлшық еттері әлісізденіп, жиі ауруханаға түсіп қалатын болды. Уақыт өте келе тыныстауы нашарлап, жағдайы мүшкілдене бастайды.
Актердің отбасы ем қабылдау үшін 2 миллион доллардай қаржы жұмсаған. Ал құрамында гадолиний заты бар дәрі өндіретін фармацевтикалық компанияны сотқа бермекші.
