Германияда "үшінші жыныс" заңдастырылды

/uploads/thumbnail/20171109125304069_small.jpg

Германияның Жоғарғы соты азаматтардың туу туралы куәлігінде «үшінші жыныс» бағаны пайда болуы керек деген шешім шығарды. Бұл туралы BBC хабарлайды. 

Осыған орай, Германия интерсексуалдардың ер және әйел жыныстарынан бөлек үшінші жынысты таңдауға мүмкіндігі туды.

Сотқа биологиялық тестілеуден өтіп, хромосомалары екі жынысқа да сай келмейтін қыз жүгінген. Интерсексуалдар құқықтары үшін күресуші белсенділер соттың мұндай шешімін «кішкене революция» деп атаған.

Конституциялық сот 2018 жылдың аяғына дейін қосымша жынысты заңдастыруы тиіс деген шешім қабылдады.

Құжаттарда бұл жыныс «интер» немесе «басқа» деп белгіленетін болады.

Интерсексуалдар – әйелге де, ерге де бірдей тән белгілерге ие адамдар. БҰҰ мәліметтері бойынша, Жер шары тұрғындарының  1,7% осы топқа жататын адамдар.

Связанные Статьи