Анкарада ДАИШ-пен байланысы бар 100-ге жуық адам ұсталды

/uploads/thumbnail/20171109130749153_small.jpg

Түркия қауіпсіздік күштері мен полицейі Анкарада ДАИШ террористік ұйымының мүшелерін анықтау мақсатында кең масштабты операция жүргізіп, нәтижесінде 101 адам ұсталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы NTV арнасы хабарлады.

Операцияға 1,5 мың полицей атсалысып, 250 мекенжайға жұмылдырылды. 245 адамды ұстағандарға ордер тағайындалды. Операция барысында террористік ұйымға қатысы бар ақпараттар қағаз түрінде, сондай-ақ цифрлық нұсқада табылды.

Қазан айының аяғында Түркия полицейі Бурса және Эрзурум провинцияларында ДАИШ-қа қатысы бар 61 адамды ұстады.

Бурсада ұсталған 39 адамның екеуі әзірбайжандық болса, 28-і сириялық екені анықталды.   

Связанные Статьи