Елбасы Қостанай қаласындағы спорт кешендерін аралады

/uploads/thumbnail/20171109161518170_small.jpg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай қаласына барған сапарында теннис орталығында болып, 6 теннис корты, соның ішінде 3 жабық корты бар кешен аумағын аралап көрді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы жас теннисшілермен кездесіп, әңгімелесті.

akorda.kz

Соңында Қазақстан Президенті спортшыларға мықты денсаулық пен жарқын жеңістер тіледі.

Айта кету керек, Спорт кешені 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен салынған.

2016 жылдың басынан бері ашық және жабық корттарда бірнеше республикалық жасөспірімдер турнирі, сондай-ақ әуесқойлар мен ардагерлердің турнирлері өтті.

akorda.kz

Сонымен қатар Қостанай қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Күш қолданылатын спорт түрлері академиясына барды.

Елбасы спорт залын аралап көріп, жергілікті спортшылармен, сондай-ақ Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасының мүшелерімен әңгімелесті.

akorda.kz

Академия спорттың ауыр атлетика, пауэрлифтинг, бодибилдинг, армрестлинг сияқты түрлерінен спортшылар дайындайды.

 

Связанные Статьи