8 қарашада Қырғызстан және Ресей басшылары телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынас аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ Владимир Путин Атамбаевты 17 қарашада Санкт-Петербургте өтетін халықаралық мәдениет форумына қатысуға шақырған.