Моңғолия премьер-министрі бүркітші қазақ қызы Айшолпанды қабылдады

/uploads/thumbnail/20171109170712926_small.jpg

Бүгін Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпты қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр ата дәстүр арқылы Моңғолияны әлемге насихаттаған Айшолпанға қолдау білдіріп, алғыс айтты.

Он жасынан қыран баптаған қазақ қызы туралы "Бүркітші" фильмі түсірілген. Аталмыш фильм 2 қараша күні Нью-Йоркте өткен кинофестивальде "Азия құрлығын өзгертетін азамат” атты сыйлыққа ие болған еді.

Бұдан бұрын әнші Sia Моңғолиядан бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып туралы фильмге сундтрек болып табылатын «Angel by the Wings» атты жаңа әнін жазғаны хабарланған.

Фильм ата-баба дәстүрін жалғастырған бүркітшілік өнерді меңгерген қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып жайлы. Бұл негізінен ерлерге тән кәсіп. Әлемде бұл өнермен тек 2 нәзік жанды ғана шұғылданады екен. Олардың екеуі де - қазақ. Екіншісі Қазақстанда тұратын бүркітші Мақпал Әбдіразақова.

Айшолпанды ұяң, нәзік әрі батыр қыз деген North West Herald америкалық басылымы «Бұл фильм көрерменді Ай­шолпанның әлеміне апарады. Айшолпан өскенде дәрігер болуды армандайды. Бірақ бүркіт­шілікті тастағысы кел­мейді. «Бүркіт­ші қыз» – жастарға шабыт беретін, әсерлі пейзажымен жүректерге жылу беретін фильм» деп жазған.

Қабылдау барысында бүркітші қыз Харвард, Лондон университеттерінен шақыру алғандықтан, болашақта дәрігер болғысы келетінін үкімет басшысына білдірді.

Связанные Статьи