Батыс Қазақстан облысында Аналардың құрметіне музей ашылмақ

/uploads/thumbnail/20171109174706119_small.jpg

Батыс Қазақстан облысында аналарға арналған музей ашылмақ. Онда елге еңбегі сіңген, отбасындағы тәлім-тәрбиесімен үлгі өнеге болып жүрген және көп балалы аналар дәріптелетін болады.

Таяуда өткен облыстық ассамблеяның кеңейтілген отырысында Ж. Досмұхамедов атындағы педколледждің директоры, БҚО ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина музей ашу жөнінде ұсыныс айтқан болатын. «Отбасының тірегі бұл – ана.   Егер ана дұрыс болмаса, ол отбасы мүшелерінің келеңсіз жағдайға түсетінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ананы құрметтеу баршамызға міндет. Дана анадан дарынды бала дүниеге келеді. Ұрпақтың ұлағатты болуы отбасында әке мен анаға байланысты. Облысымызда түрлі салада жемісті еңбек еткен, жанұясына ұйытқы болып жүрген үлгілі аналар аз емес. Егер музей ашылса, осындай аналарды дәріптеуді мақсат тұтып отырмыз. Жалпы, онда өңірімізден шыққан танымал әйелдер туралы мәліметтерді, құжаттарды, суреттерді, тұрмыстық заттарды да қою ойда бар», - деді Шалқыма Хайроллақызы.

Аталмыш жиынға қатысқан Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай бұл ұсынысты қолдады.

  • Мұндай музей Алматы облысында бар. «Анаға құрмет» деп аталатын мәдени нысанда жақында Елбасымыз болды. Онда еліміздің даңқты аналарына арналған түрлі құжат, кітап секілді құнды заттардың бәрі жинақталған. Қазіргі таңда бұл - Жетісу өңіріндегі адам көп баратын танымал орындардың бірі. Ол жақта болып жатсаңыздар уақыт тауып, бұл музейге кіріп шығуға кеңес берер едім. Жалпы, аналарға арналған музейді тек облыс орталығында емес, аудандарда да ашса, артық етпейді. Себебі бұл мәдени орындар отбасы құндылығын нығайтуға да атсалысады. Егер жанұяда татулық болса, онда мемлекетіміздің бірлігі нығайып, ынтымағы арта түсері анық,- деді ол.

 

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

Связанные Статьи