Жыл басталғалы Түркиядан Қырғызстанға 12 азаматтың өлі денесін жіберген. Бұл туралы Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айымкан Кулукеева хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Елшілік бағыты бойынша 3 дене жеткізілсе, Қырғызстандағы Ыстанбұл консулдығы арқылы 9 адамның өлі денесі жеткізілді.
Соңғы жағдай бір апта бұрын тіркелген. 22 жастағы қырғызстандық бойжеткен 50 күн ауруханада жатып, сол жерде көз жұмды. Ол Денизли қаласында бала күтуші болып жұмыс істеген. Қыздың денесі Қырғызстанға өткен аптаның демалысында жеткізілді.