«Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» шарасының баспасөз ақпараты

/uploads/thumbnail/20171110123544219_small.jpg

21 мамырда Тараз қаласының мәдениет үйінде Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына орай үстіміздегі жылғы 21 мамырда Тараз қаласында «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндерін» аталып өтеді.        

Аталған шара тәуелсіз еліміздің тұтастығын бекіте түсетін мәңгілік мұрамыз, ежелгі түркі жазуының кешегісі мен бүгінгісін талқылып, көпшілік қауымға насихаттап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, мән-мағынасы мен тағылымын қоғам санасына сіңіруді мақсат етеді. Шара аясында «Көне түркі жазбалары мен қазақ мәдениеті: тіл және тарих» атты ғылыми-практикалық конференция және түркі мәдениетіне арналған концерт өткізіледі. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің басшылары, еліміздің барлық өңірінен 20-дан астам түрколог ғалымдар,  өнер шеберлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері  қатысады.

Сонымен қатар қырғыз, әзербайжан елдерінен түркі жазбасын зерттеуші түрколог ғалымдар қатысып, баяндамалары арқылы өзге ғалымдармен ой бөліседі. Конференцияда көне түркі тілінен бастау алған алғашқы жазудың пайда болу тарихы, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында мемлекеттігіміздің қалыптасу ерекшеліктері, ұлттық құндылықтарымызды халық санасына сіңіру және т.б. мәселелер сөз болады. Шара  аясында  түркі мәдениетіне арналған концерттік бағдарлама мен Тараз қаласының тарихи орындарына экскурсия жасалады.  

Связанные Статьи