Тахира Бегум үнемі таңертеңгісін ауру ата-анасы мен 4 бауырының тұрмыстық қажеттілігін өтеу үшін бірнеше шақырым жүріп, отын жинап, от жағады, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Ол Бангладеш пен Мьянма шекарасында орналасқан арнайы босқындарға арналған лагерде тұрады. Ал арқасына жиналған ауыр отынмен қайтадан үйге келу қиынның қиыны. Бұл 10 жастағы рохинджалық мұсылман қыз үшін ең ауыр сынақ.
«Ауру ата-анам таңертең отын жинай алмайды, ал бауырларым әлі кішкентай. Сол себепті бұл жұмыстарды өзім жасауға тура келеді. Ата-анам менің көмегімсіз тіпті жүріп-тұра алмайды», — деп өз өмірі туралы айтып берді.
Тахира күнде отынның артылып қалғанын арнайы базарда сатып, ақша табады. Сонымен бірге ол лагердегі жалғыз құдықтан үйіне су тасиды.
Кейде Тахираның сіңлісі әпкесін көндіріп балаларға арналған алаңға барады. Бұл алаңды ЮНИСЕФ қаржыландырып отыр. Арнайы балаларға арналған алаңда балалар кітап оқып, сурет салып, ойын ойнайды. Бірақ 10 жастағы Тахира өзіне артылған үлкен жауапкершілікті сезініп, бұл алаңда көп отырмайды. Алайда ол суреттері бар кітаптарды қарағанды жақсы көреді.
Айта кететін болсақ, БҰҰ-ның ресми мәліметі бойынша, босқындарға арналған лагердегі балалардың 7,5 %-ы өлім аузында жатыр.