Бауыржан Байбек қаладағы кәсіпкерлікке қатысты айтып өтті

/uploads/thumbnail/20171110183231778_small.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен есепті баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы кәсіпкерлікке қатысты айтып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні қалада кәсіпкерліктің 173 мыңнан астам субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Индустриализация картасы бойынша жалпы құны 36,8млрд. теңге болатын 38 жоба жүзеге асуда, осының арқасында 3 мың жұмыс орны құрылды. Индустриалды аймақта құны 191,3 млрд. теңге болатын 40 жоба қолға алынған және 5 мың жұмыс орны пайда болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бизнес пен тұрғындардың талабы бойынша қалада Алматының Басжоспар Институты құрылды.

«Біздің бағдарламаның басты міндеті - қалада жайлы орта қалыптастыру. Биыл жүйелі жаңғырту жұмыстарын қолға алдық, бүгінгі күні батыстық стандарт бойынша қаланың тарихи орталығының үштен бірі қайта жасалды. Қалалықтардың орасан қолдауы арқасында бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Райымбек, Достық, Абай даңғылдары мен Есентай өзенінің бойы, яғни тарихи орталықтың тағы да 178 га жері модернизацияланады. Бұл шара қалаға бірыңғай архитектуралық келбет беру үшін жүргізілуде. Біз жаяу жүргіншілер үшін сапалы инфрақұрылым жасаудамыз әрі заңсыз конструкциялар, визуалды көріністер алынып тасталуда. Шындыққа жүгінсек, «келеңсіз экономикамен» күрес жүруде», - деді мегаполис басшысы.

Жалпы,1,3 мың заңсыз киоскілер, ескі үлгідегі билбордтар сүрілді.Бүгінгі күні ірі сауда орындары мен базарларда 40 мыңнан астам адам ашық жұмыс жасауда. Екі жыл ішінде ғана модернизацияға 200 млрд. жеке қаржы салынды. Халықаралық стандарттарға сай 16 ірі сауда кешендері ашылды, бекеттер стихиялы базарлардан арылуда. 1810 көлік бекетінің 40%-ы жаңарды, жыл аяғына дейін олардың қатары 70%-ға жететін болады.

«Қоршаусыз қала» бағдарламасы бойынша 100 км қоршау алынды. Олардың орнына жасыл желектер отырғызылуда. Мысалы, ғимарат иелері 3 мың ағаш отырғызды, бау-бақ орталығы 100 мыңға жуық бұтақтар сатты. Биыл 28 км арық жөнделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп, келер жылы 30 км арық жөндеу жоспарланған. Қалада соңғы екі жылда 732 аула алаңдары абаттандырылды, яғни әрбір бесінші аула. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады. «Менің ауламдағы спорт» әлеуметтік бағдарламасы аясында 6 мың бала 75 аулалық спорт алаңдарында шынығуда, оларды кәсіби нұсқаушылар жаттықтыруда.Егер бұрынғы жылдары 180 лифт пен 229 көппәтерлі тұрғын үйлер ғана жөнделсе, ал биыл 199 лифт, 151 үй жаңарды. Жаз айларында энергиялық тиімді матерлдардан 774 км желі қайта жасалды. Нәтижесінде апат пен үзіліс 22%-ға, жылу жоғалту 7,4%-ға азайды.

Связанные Статьи