Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен есепті баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың биылғы жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және таяу арада жүзеге асатын жоспарлар туралы, айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы жылы универсияда мен ЭКСПО көрмесін өте жоғары өткізген Алматы қаласы «Doing Business» жаһандық рейтингінде елімізді 36- орыннан көрсеткен үлкен бизнес орталығы.
Өткен айдың соңында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының алғашқы көшпелі, оған мүше елдердің шекарасынан тыс отырысы – Евразия апталығы тұңғыш рет Алматыда өтті. Оған 13 мемлекет үкіметтерінің мүшелері, елшілер, халықаралық ұйымдардың және іскерлік ортаның өкілдері қатысты. Бұл да еліміздің халықаралық аренадағы лайықты орны мен саяси-экономикалық әлеуетінің жарқын көрінісі, – деді Бауыржан Байбек.
Сонымен қатар, Алматы инвесторлар үшін өте маңызды ерекше жерге орналасқан. Сондықтан да «Алматы 2020» Бағдарламасының басты қағидаларының бірі – бизнес ахуалды жақсарту, қала құрылымын дамыту. Шетелдік капиталмен жұмыс істейтн кәсіпорындардың 40%-дан көбі біздің қалада. Біз олардың әрқайсысына компаниясын, жұмыс орындарын ашқан, қаржы бөлетін, салық төлейтін инвестор ретінде қараймыз. Соңғы жылдары қалаға бірқатар «Tokyo Seiko», «Хикма», «Leory Merlin», «Hertz» сынды бірқатар әлемдік брендтер енді. Инвесторларға «Бір терезе» қағидасы бойынша қалалық қызмет көрсету Орталығы мен Kazak Invest өкілдігі қызмет көрсетеді.
Бизнеске жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетілуде, қаржылық ресурстар да оларға қолжетімді. Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие бөлудің қалалық және мемлекеттік бағдарламалары бойынша мыңға жуық жоба іске асуда. Болашағы зор салаларға гранттар мен субсидиялар, преференциялар қарастырылған, – деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
Сондай-ақ ірі мегаполис әкімі индустриалды аймақта жеңілдетілген түрде иннавациялық, сараптамалық, импортты алмастыратын өнім шығаратын өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік беретін дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелері бар екенін, оған 7-і шетелдіктің қатысуымен іске асатын 40 ірі жоба жүзеге асып жатқанына да айрықша тоқталып өтті.