Алматыда «Smart City»-дің жеті базалық жобасы белгіленді

/uploads/thumbnail/20171110184059050_small.jpg

«Smart City»-дің жеті базалық жобасы белгілендігі жайында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында болып өткен есеп беру баспасөз мәслихатында айтып өтті, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Smart City»-дің жеті базалық жобасы мыналар: мемлекеттік қызмет, қауіпсіздік, көлік, білім, денсаулық сақтау, электронды ПИК, Big Data.«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдаудың жаңа форматы ашылды мұнда қала тұрғындарына бір жерден қызмет көрсетіледі.

Қауіпсіздік, білім, денсаулық сақтау мәселелеріне айрықша назар аударылуда. Алматыда жолдарға, аулаларға, мектептерге, сауда орталықтарына 100 мыңнан астам камера қойылған. Соңғы 2 жылда ІІД-нің техникалық жарақтануы 23%-ға артып, 87%-ды құрады. Жергілікті бюджеттен ІІД-не 19 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,6%-ға көп. Жергілікті полиция қызметкерлерін видеорегистраторлармен, байланыс құралдарымен,планшеттермен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңге бөлінді. Жалпы,қалада тәртіп бұзушылық 8,6%-ға азайды, ауыр қылмыстарды ашу 9%-ға артты. ТЖ-дың алдын алу үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд.теңге бөлінді, яғни 2,6 есе көп. 9 ең қауіпті маренді көлдер бұғақталды, Медеу-Шымбұлақ жолдарының шатқалдары, ГЭС-1 Үлкен Алматы өзенінің жағалаулары нығайтылды. Жалпы ұзынды 11,6 км болатын үш өзеннің жағалаулары қайта жасалды. 2015 жылғы Қарғалы өзені селінің зардаптары жойылып, өзен арнасы заманауи тұрғыда қайта жасалды.

Денсаулық сақтау саласында оң динамика қалыптасты. Өмір сүру ұзақтығы 75,9 жас, бұл - еліміздегі ең үздік көрсеткіш. Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 9,2%-ға артты. Балалар өлімі 2,5 есе азайды.Туберкулёз сырқатына шалдыққандарды амбулаториялық емдеу 2 есе өсті, осы сырқаттан қайтыс болғандар қатары 36%-ға төмендеді. 9 жаңа объектінің құрылысы жүруде, оның бесеуі пайдалануға беріледі, сегіз нысанда сейсмикалық күшейту жұмыстары атқарылуда.2,5 млрд. теңгенің медициналық жабдықтары алынды, жедел жәрдем паркі 25%-ға жаңарды, 40 жаңа замануи көлік алынды. Екі көппрофильді стационарлар базасы негізінде тікұшақ қонатын алаңдар жасалды.

Жеке медицина ұйымдарының тұрғындарға қызмет көрсету үлесі артты.Жеке инвестиция есебінен репродуктивті медицина Институты ашылды. Бүгінгі күні арнайы экономикалық аймақ қағидасы бойынша қалада үздік клиникалардың халықаралық кластерін құру мәселесі қарастырылуда.

Қала мектептерінің физика, химия, биология, лингофон кабинеттері заманауи құралдармен 100% жабдықталған. Мектептердің барлығы кеңжолақты интернетпен толық қамтылған. Алматыда алғаш рет «Maker Space» – бағдарламалардың шеберлік идеясы, роботтехника, 3D принтинг жобасы қолға алынды. Екі жыл ішінде мектептерде 5,1 мың жаңа орындар ашылды. Қазіргі кезде 2 мектептің,2 қосалқы нысанның құрылысы жүруде.

Жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалар саны 12 мыңға артуда, яғни 42 бала бақша қажет деген сөз. Жеке бизнесті ынталандыру арқасында 2 жылда коттедждерде 10,4 мың орынды 262 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері ашылды. Мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар мекемелерін оңтайландыру барысында тағы да қосымша 1200 орын пайда болды. Соның арқасында бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі тәрбиемен балалардың 81,2%-ы қамтылған,бұл ОЭСР елдері (84%) деңгейімен бірдей. Соңғы екі жылда Қалақұрылысы кеңесінде жеке инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша салу мәселесі қаралды, соның арқасында 14 млрд. теңге бюджет қаржысы үнемделді. Биыл тұңғыш рет бір мезетте 21 мектеп пен 7 мектеп жасына дейінгі мекеме нысандары сейсмикалық жағынан күшейтілді, бұл рекордтық көрсеткіш.

Связанные Статьи