Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Фейсбук әлеуметтік желісінде парақша ашты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Парақша ашудағы мақсаты – облыс тұрғындарына атқарылған жұмыстар барысын баяндап, олардың пікірлерін білу.
Әкім парақшасында мынадай жазба қалдырды:
«Құрметті достар!
Facebook та өз парақшамды ашу ең алдымен жұмыс бабымен қажеттілік туғызды. Ақпараттық ашықтық ең алдымен бүкіл қазақстандықтармен қатар өңірдің тұрғындарына Ақмола облысындағы мемлекеттік органдарда атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар болумен қатар өз пікірлерін айтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Ақмола облысы Астана іргесіндегі ең ірі ауылшаруашылығы аймақ болып табылады. Елбасымымыздың Астана қаласының азық-түлікпен қамту белдеуін одан әрі дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өңір биыл Астанада “AQMOL" - атты сауда нүкте желісінің алғашқы дүкені ашатынын хабарлаймын!
Мұнда сіздер үшін сапалы әрі қолжетімді бағамен ет, сүт, нан өнімдері саудаланатын болады. Бұл жобаның Астанада алғашқыда кезеңінде үш сауда желісі ашылады, кейін сауда желісінің санын онға дейін арттыру көзделген.
Алғашқы кезеңінде “AQMOL”сауда желісінде: «Агрофирма «Родина», ЖШС, «Ижевский», КК, «Астана Агро Продукт», «CAPITAL PROJECTS LTD», «Гормолзавод», «Торговый Дом «Айна», "СТЕРХ", "Агрофирма TNK", "МПК Биржан", "Капитал Натур Продукт", сияқты сіздерге танымал кәсіпорындардың тауарлары қолжетімді бағамен саудаланатын болады.
Астана қаласы мен оның тұрғындарын 2017 жылдың 11 қарашасында сағат 12:00 де Р.Қошқарбаев көшесі 37 үйде күтетін боламыз!
Құрметпен, Мәлік Мырзалин».