Енші телевизиялық жобасы өтетінін хабарлаған болатынбыз. Жоба туралы халықтың пікірі қандай? Жоба авторлары елден "Зияткерлік сайыстардың маңызы бар ма? Осы сауалға қатысты халықтың пікірі қандай? Алдағы жобаның түсірілім тобы көпшіліктің ойын біліп, білім бәйгесінің берері мол деген байламға келді. Ал сіздің ойыңыз қандай?" деген сауалдарға жауап сұрады.
Айта кетсек, «Енші» зияткерлік-танымдық телевизиялық жобасы жуырда көрерменге жол тартады. Білім додасының мақсаты талантты жастарды тану, олардың оқуға қызығушылығын арттыру және білімді насихаттау. Бастысы, жан-жақты әрі білімге құштар, логикасы мен интуициясы дамыған жастарды көпшілікке таныстыру. Сондай-ақ, қазақтың ұмыт болған салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары, тұрмыста қолданылған құрал-саймандарын дәріптеу. Төрт кезеңді қамтитын сайысқа 10-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттері қатысады. Алғашқы айналымда тіл білімі, мәдениет, таным, дәстүрден қатысушыларға 15 сұрақ қойылады. Екінші айналымда ойыншылар «Тоғыз торап»-та аты айтып тұрғандай 9 түрлі тақырып төңірегінде өзара сынға түседі. Жобаның үшінші кезеңі «Жамбы ату» деп аталады. Бұл айналымда ойыншылар өздері қалаған ұяшыққа жамбыны орналастыру арқылы сұрақты таңдауға мүмкіндік алады. Соңғы айналымның сұрақтары қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы, салт-дәстүрлер, фольклордан келеді. Білім бәйгесінен оза шауып, артына қара салмаған қатысушы доданың бас бәйгесіне иелік етіп, еншісін алады.