Яйфо тайпасын іздеуге кеткен саяхатшы: Мені құтқаруға тырыспаңдар

/uploads/thumbnail/20171117141713352_small.jpg

Хабар-ошарсыз кеткен британдық саяхатшы Бенедикт Аллен Папуа - жаңа Гвинея маңындағы иесіз қалған аэродромның маңынан аман-есен табылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC.com - ға сілтеме жасап.

Яйфо тайпасын іздеп Джунглиге аттанған 57 жастағы Аллен 14-ші қарашада үйіне қайту керек болған, алайда ол күні үйіне оралмаған. Осыдан кейін туыстары дабыл қаққан.

Жақындарының айтуы бойынша, Аллен бұған дейін де ешқандай навигатор, ұялы телефонсыз, спутниксіз сапарға шығатын. Алайда ешқашан рейске кешікпейтін.

Қазір Алленді эвакуациялаудың амалдары қарастырылып жатыр, алайда оған ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп айту қиын.

Алленнің агенті Джо Сарсби оның Энга провинциясының Прогер қаласынан 32 шақырым қашықтықтағы аэродромнан табылғандығын растады.

«Біз оның нақты қайда екенін білеміз. Алленді эвакуациялау үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз» дейді Джо Сарсби.

Агенттің айтуынша, тайпа өкілдері басқа адамдар мазаламауы үшін көпірдің барлығын қиратқан. Сол себепті саяхатшыға жеңіл көлікпен жету мүмкін емес, оған тік ұшақ жіберіледі.

Алғаш рет Аллен өркениетті әлемнен қашатын Яйфо тайпасымен 30 жыл бұрын кездескен. Бұл жолғы сапарының мақсаты – арнайы Би-би-си арнасы үшін Яйфо тайпасы жайлы деректі фильм түсіру болған. Бұл жолы Аллен сапарға ешқандай байланыс құралынсыз, GPS- навигаторсыз аттанған.

Жергілікті тайпа тұрғын Алленді аэродромның маңынан көргендіктерін және ол оны құтқаруды сұрағандығын Radio4 эфирінен Франк Гарднер хабарлаған болатын.

Алленнің әпкесінің айтуы бойынша, ол джунглиде қалай күн көру керек екендігін жақсы біледі және жергілікті тұрғындармен оңай тіл табысып кете алады. Бастысы қарақшыларға жолықпаса болғаны. 

Бенедикт Аллен 22 жасында саяхатқа алғаш рет жалғыз шыққан. Саяхатшы жалаңаяқ Амазонка өзенін каноемен кесіп өткен.

Сондай-ақ ол Папуа - жаңа Гвинеяда ерлерге арналған алты апталық рәсімге қатысып, салтанат кезінде 20 еркекпен бірге қолтырауын ұясында отырған.

Өзінің кей саяхаттарын Би-би-си арнасына деректі фильм ретінде түсірген, өз сапарлары жайлы кітап жазған.

Бенедикт Аллен Твиттер парақшасындағы соңғы жазбасын 11-ші қазанда жариялаған. Онда: «Мен Папуа - жаңа Гвинеяға аттанып барамын. Мені құтқаруға тырыспаңдар. Мені бәрібір таба алмайсыңдар» деп жазған.

Саяхатшы аштан өлмеуі үшін өз итін жеуге мәжбүр болған кезін өміріндегі ең ауыр сәті екенін айтады.
Бенедикт Алленнің отбасы Чехияда өмір сүреді.

Связанные Статьи