Сирияда соғыс басталғаннан бастап 26 мың бала мерт болған

/uploads/thumbnail/20171126172702396_small.jpg

Сирияда соғыс басталған уақыттан бері 26 000 бала мерт болған, олардың басым бөлігі қарулы қақтығыстар, бомбалау салдарынан көз жұмған. Сирия құқыққорғау ұйымы (SNHR) баяндамасында осындай деректер жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kazislam.kz сайтына сілтме жасай отырып. 

Баяндама деректеріне сүйенсек, 2011 жылы террористерге қарсы соғыс басталған кезеңнен бері Сирия әлем бойынша бала құқықтары бұзылған елдер тізімінің көш басында тұр. Осыған байланысты Сириядағы қақтығыста балалар үшін үлкен жауапкершілік көтереді. Жеті жылға жалғасқан соғыс салдарынан елдегі 1 378 мектеп пен балабақша қиратылып, 3,2 миллион бала білім алу мүмкіндігінен айырылған. Білім алудан ажыраған балалар ерте жастан жұмысқа жегілген.

Сонымен қатар, SNHR ұйымы БҰҰ мен халықаралық қауымдастықтарды Сириядағы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыс аймақтарындағы тұрғындарға гуманитарлық көмектерді жеткізуге атсалысуға шақырды.   Еске сала кетсек, Сириядағы соғыс 2011 жылдың наурыз айында басталды. БҰҰ мәліметінше, осы уақыттан бері 400 мыңнан аса адам қаза тауып, 10 миллионнан аса тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи