2017 жылы қарашаның 23-27-сі аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «Жемчужный – Нью-Йорк» халықаралық байқауы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Байқауда Алматы қаласынан «Бозторғай» қоғамдық қорының жетекшісі Қарлығаш Әбдікәрімованың, «Сенім» вокалды ансамблінің жетекшілері Тұрсын Кудерина мен Ольга Резиннің қолдауларымен қатысқан жас әншілер бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтар болсақ, бас жүлдені Мадина Ахметова (Астана қаласы), Айдана Козыбаева (Алматы қаласы) иеленсе, бірінші орын Ұласбек Амиркановқа (Алматы қаласы) тиесілі болды. Ал алматылық Адина Даниалова екінші орын алды.
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен аталмыш байқауды Прагма АРТ тобы ұйымдастырған. Топ президенті – Кетрин Мери. Қанжығасына екі бас жүлде мен 1-ші және 2-ші орынды байлаған байқауға қатысушы жас таланттардың қуаныштарында шек жоқ.
Оставить комментарий